Мәжілісте аз қамтылған отбасылар үшін тегін азық-түлік картасын енгізу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте аз қамтылған отбасылар үшін тегін азық-түлік картасын енгізу ұсынылды

02.02.2022

Аз қамтылған отбасылар үшін тегін азық-түлік карталары енгізілуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте осындай бастама да көтерілді. Депутат Аманжан Жамаловтың айтуынша қазір экономикалық жағдай күрделі. Табысы жан басына шаққанда 25 мың теңгеге жетпейтін жанұялар көп. Сондықтан жұрттың табысы артып, ахуал тұрақталғанша, азық-түлік картасын енгізу қажет дейді.

Бұл карта арқылы аз қамтылған отбасылар қазақстандық тамақ өнімдерін тегін алуына мүмкіндік алмақ. Депутаттың айтуынша мұны «кеңес үкіметіне оралу»  ден сынайтындар бар. Бірақ әлеуметтік қолдау көрсету үшін бұл таптырмас құрал дейді ол. Сондай-ақ жәрдемақы мен зейнетақыны қазіргі инфляцияға сай индекстеп, ең төменгі күн көріс деңгейін 36 мыңнан 43 мың теңгеге дейін өсіру қажет дейді. Десе де мұның бәрі әзірге ұсыныс қана.


Хабарламаларға жазылу