Бүгінгі мерекені алматылықтар да алаңдарға жиналып, шат-шадыман тойлауда. Барлық аудандарда арнайы шаралар ұйымдастырылып, көшелердің сәні кірді.
Бір шаңырақ астындағы барша ұлттар бұл күнде бір-біріне ақ тілектерін ақтарып, қол ұстасып ән салып, би биледі.
Әр ұлт өздерінің ұлттық тағамдары мен бұйымдарын көрмеге қойды.
Айгүл Соловьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстан халқын бүгінгі ерекше мерекемен құттықтаймын. Бірлігіміз бекем болғанда ғана, тірлігіміз алға жылжиды. Еліміздегі ұлттар арасындағы ынтымақ нығая берсін.
Қала тұрғыны:
Мереке құтты болсын! Бақыт - берекесі, ынтымағы жарасқан елге қонады. Татулықта өмір сүре берейік! Көңіл-күйіміз тамаша.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ