Депутат квазимемлекеттік компаниялардан әр теңге үшін есеп беруді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат квазимемлекеттік компаниялардан әр теңге үшін есеп беруді талап етті

02.02.2022

Квазимемлекеттік компаниялардың бюджеті мен ол жердегі топ-менеджерлердің табысы қоғам үшін ашық болуы керек. Бұл мәселені Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбінов көтерді.

«Бүгінде квазимемлекеттік сектор ел экономикасының 60 пайызын құрайды. Ұлттық компанияларға бюджеттен миллиардтаған ақша бөлінеді. Алайда бұл қаражат қалай жұмсалып жатқаны жұмбақ дейді», - депутат.

Кеңсе мен көлік жалдауға, сыйақы мен бонустарға қанша қаржы кететіні белгісіз. Сондай-ақ, олардың қандай табыс тауып және оны қалай ұстайтындарын да ешкім білмейді. Депутаттың пікірінше, квазимемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ, түрлі қор мен холдингтердің шығысы мен кірісі қоғамның және парламенттің ашық бақылауында болуы тиіс.

Берік Дүйсенбінов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл жерде әңгіме елдің ауызындағы «Самұрық-Қазынада» ғана емес. «Жұт – жеті ағайынды» демекші, бұлар – «Бәйтерек» қоры және министрліктер мен әкімшіліктердің маңайына үймелеген «СК-Фармация» қоры, «Парасат» холдингі, СПК сияқты қаптаған РГП, АҚ және ЖШС-дан аяқ алып жүру мүмкін емес. Олардың бюджеттері, шығыстары мен кірістері толығымен ашық болып, ал олардың басшылығы шығыстар мен жеткен жетістіктері туралы қоғам алдында есеп беруі тиіс.


Хабарламаларға жазылу