Ауа райының күрт төмендеуіне байланысты Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында су тасуы ықтимал. Бұған жер үстіндегі мұз қабығының қалыңдығы себеп. Мамандар осы аймақтарда еріген су толып кететінін ескертіп, жылдағы ахуалға қырағылық танытып дайын болу керектігін ескертеді.
Ал батыс, солтүстік пен шығыс өңірлерінде ылғалдың тапшылығы көзделуде. Бұған былтыр қазан-қараша айларында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі дәлел. Жауын-шашынның аз болуы салдарынан жердің бірметрлік қабаты толықтай дымқылдануына кері ықпал тигізуі мүмкін. Судың тапшылығы кей өңірлерде астықтың молынан өніп-өсуіне де кері әсерін тигізбек.