Депутат: Қазақстаннан ұрланған қаржыны елге қайтару керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Қазақстаннан ұрланған қаржыны елге қайтару керек

02.02.2022

Казақстаннан ұрланған миллиардтарды елге қайтару керек. Бүгін Мәжіліс депутаттары осыны талап етіп, Қаржы маниторингі агенттігіне сауал жолдады.

Халықаралық ұйымның мәліметіне сүйенген депутат соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған дейді. Бұл бүкіл елдің жылдық жалпы ішкі өнімі мен сыртқы қарызына тең. Әрі соңғы бес жылда елден ақшаны заңсыз шығару дерегі бойынша екі жүзден астам іс қозғалған. Бірақ нақты нәтижелері жоқ дейді.

Оның үстіне қаңтардағы қақтығыс кезінде кейбір олигархтар жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелге аударғаны туралы ақпарат бар дейді депутат. Сондықтан Қаржы мониторингі агенттігінен шекара сыртына қанша ақша, кімнен, қалай аударылғанын анықтауды талап етті.


Хабарламаларға жазылу