Ақтөбе облысында жедел алдын алу шарасы кезінде тұрғындардан 11 дана қару-жарақ тәркіленді. Оның оны аңшы мылтығы болса, бірі газ тапаншасы.
Сондай-ақ, заңсыз оқ-дәрі сақтағандар да анықталды. Жедел алдын алу шарасы өңірде 16 қаңтарда басталды. Полицейлер адам көп шоғырланатын аумақтарға ерекше көңіл бөліп отыр. Соңғы екі аптада қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 647 адам ұсталған. Сондай-ақ, ел аумағында тіркеусіз және ешқандай құжатсыз жүрген 831 азаматқа шара қолданылды.