Түркістан облысында карантиндік шектеулерге қарамастан барлық кәсіпкерлік нысан толық жұмыс істейтін болды. Облыстың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышановтың айтуынша, өңір 28 қаңтардан бері «жасыл» аймақта. Осыған байланысты кәсіпкерлерге жеңілдіктер берілді.
«Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық орындар мен мәдени, спорттық, түрлі ойын-сауық кешендері де келушілер үшін шектеусіз жұмыс істей бермек. Сондай-ақ, мейрамханалар ме тойханаларға да рұқсат берілді.
Одан бөлек кинотеатрлар мен концерт залдары жүз пайыз сыйымдылықпен жұмыс істей алады. Айта кетейік, өңірде қазір 145 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан бар. Солардың 4 мыңға жуығы тамақтану орындары.
Нұрбек Нышанов, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
Ал эпидемиологиялық бағалау матрицасының ерекшеліктеріне қарамастан «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда салтанатты іс-шаралар, ас беру, банкеттер, форумдар, адам көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер, спорт кешендері, діни объектілер, сауда-ойын-сауық орталықтары, бассейндердің шектеусіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік берілді.