Ал утилизациялық алым керісінше қымбаттауы мүмкін. Бірақ кейбір тауар түрлеріне ғана. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жұмыс тобының отырысында мәлімдеді. Айтуынша кейбір тауарларды утилизациялау шығыны алымнан әлдеқайда көп. Сол үшін әр позиция бойынша тариф пен нақты шығындарды салыстырып, зерттеу керек дейді министр.
Айта кетейік елімізде көліктен бөлек, шыны, пластик қағаз секілді тауарлардан да утилалым алынады. Ал көлікке қатысты әзірге шешім жоқ. Утилизациялық алымға қарсы белсенділер оның құны 100 мың теңгеден аспауы керек деп отыр. Жұмыс тобы ақпанның соңына дейін утильге қатысты бір тоқтамға келуі тиіс.