Кентаулықтар жылуға жарымай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кентаулықтар жылуға жарымай отыр

01.02.2022

Түркістан облысындағы Кентау қаласында бірнеше көшедегі көпқабатты үйлерде жылу мардымсыз. Қыстыгүні дірдек қаққан жұрт пәтерлердің суықтығынан балаларымыз бен егде жастағы адамдар қабат-қабат киініп жүреді, жиі ауырады, дейді. Амалы таусылған кентаулықтар әр бөлмеде бір-бір тоқ пешін пайдалануға мәжбүр.

Роза Рысымбетова, Кентау қаласының тұрғыны:
Мысалы, тоқ пен жылудың өзіне 20-30 мың төлеп отырмын. Жылу жоқ. Сонда 20 мыңды далаға тастап отырмын.

Халық жиналған соң көпқабатты үйлердің жылуын тексеруге мамандар келіп жетті. Олар орталық жүйеге кәсіпкерлік нысандар көптеп қосылған соң, қаланың шеткі аудандарына жылу бармай қалған деп отыр. Сондықтан бірқатар нысандарды жылудан ажыратпақ. Олардың қатарында орталық базардан бастап тойханалар, түрлі коммерциялық мекемелер де бар.

Асхат Абдрасилов, «Кентау- Сервис» мекемесінің директоры:
Біз үйлерге насос аламыз. Орнату бір күн ғана уақытты алады. Биылға сол насоспен ғана шығамыз. Жылдың басынан бері істемеген себебіміз - бізде қаржы тапшы. Айлықтың өзіне зорға жетіп жатыр.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу