Жазушы Құрманхан Мұқамедиұлын еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Құрманхан Мұқамедиұлын еске алу кеші өтті

30.04.2014
Жазушы Құрманхан Мұқамедиұлын еске алу кеші өтті
Алматыда талантты драматург жазушы, қоғам қайраткері Құрманхан Мұқамедиұлын еске алу жиыны өтті. Жиынға қаламгердің туған-туыстары мен зиялы қауым өкілдері жиналды.
 
Құрманхан Мұқамедиұлының өмірінен сыр шертетін деректі фильм тамашалап, туындыларынан үзінділер оқыды. Дара тұлға -  Моңғолия елінде дүниеге келіп, ондағы қаракөз қазақтардың басын біріктірген жан.
 
Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, Баян-Өлгий аймағы әкімшілігінің басшысы лауазымына дейін көтерілген. Өмірден озғанына жарты ғасырға жуықтаса да, ақыннаң «Жасыл дөң»«Асуда»сынды жинақтарын моңғол халқы әлі күнге дейін жастана оқиды.
 
Лиза Құрманханқызы, Құрманхан Мұқамедиұлының қызы:
Соңында өлеңдері, пьесалары қалды. Моңғолияның қазақтары тұратын Баян-өлгий аймақтық театры менің әкемнің «Жасыл дөң» пьесасымен ашылды.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу