Полиция қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көше бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көше бастады

01.02.2022

Енді жаңа салынған үйлердің жанына қосымша учаскелік бекеттер де салынады. Өткен жылдың өзінде 13 модульдік, 10-нан аса учаскелік бекет бой көтерген. Жыл сайын олардың саны арта түспек. Бұл полицейлердің халыққа неғұрлым жақын болуына мүмкіндік береді. Президент қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көшуді тапсырған болатын. Соның аясында учаскелік полицейлердің құзіреті кеңейді, қағазбастылықтан арылу мәселесі де қарастырылған. Тұрғындардың шағымына қатысты құжат толтыру, есеп-қисап жүргізу істері азайып, керісінше халықпен ынтымақтаса жұмыс істеуге басымдық берілмек. Кез-келген учаскелік полицей тұрғындардың әлеуметтік желідегі ортақ чатына қосылуға міндетті. Елорданың өзінде 500-ге жуық учаскелік полицей бар. Әрқайсысы шамамен 2500 тұрғыны бар аумаққа жауапты.

Арман Айтмағанбетов, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы:

Мәселен, Учаскелік полицей кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін, темекі өнімдерін пайдалануға тыйым салуды бұзғаны үшін, әкімшілік қадағалауды бұзғаны және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілді. Бұл учаскелік инспекторға өз учаскесінде көбірек болуға, тұрғындармен жүргізілетін алдын алу жұмыстарынан алаңдамауға мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу