Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі баланы жеңіл көлік қағып кетті. Оқиға кеше кешкі сағат алты шамасында болған.
Бұл жайтты тұрғындар ұялы телефонына түсіріп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан. Көлік қаққан кезде 15 жастағы қыз 5 жастағы бауырын шанамен сүйреп жолдан өтіп бара жатқан. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. Олар түрлі дене жарақатын алған. Қазір жағдйлары бірқалыпты. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
29 жастағы «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі Тәттімбет көшесімен бағыт алып келе жатып, реттелмеген жаяу жүргінші өткелінде 15 және 5 жастағы балаларды қағып кеткен. Аталған факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Руслан Нұрланұлы