Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Президент 4-5 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиньннің шақыруымен Бейжің қаласына барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы хабарлады. Сапар барысында қос елдің басшылары екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.