Түркістан облысы Созақ ауданында аса ірі көлемде жанар-жағар май ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Полицейлер оларды кезекті рет «ҚазАтомөнеркәсіп» кәсіпорындарынан жанар май мен құнды заттарды шығармақ болған кезінде қолға түсірді. Қылмыстық топтың ішінде бұрын- соңды сотты болған оннан астам азамат пен деструктивті діни ағымды ұстанғандар болған. Олар ай сайын ондаған миллион теңгенің мүлкін ұрлаған. Күдіктілер ұрланған заттардың радиациялық қауіпі мен оны тасымалдау тәртібін де сақтамаған.
Сондай-ақ тергеу барысында олардың жергілікті тұрғындарды бопсалағаны анықталды. Тінту барысында қылмыскерлерден есірткі, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиеттер мен ақша табылған.