Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатынан көпшілік көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды. Әсіресе Қаңтар оқиғасына қатысты нақты әрі дәйекті ақпарат айтылды. Ал жаңа реформаларды жүзеге асыру мақсатында Мемлекет басшысы ашық жиын өткізсе дейді сарапшылар. Саяси партияларды, үкіметтік емес ұйымдарды, ұлттық кәсіпкерлер палатасын, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі мамандарын біріктіріп, өзара байланысты күшейту керек деген пікірде сала мамандары.
Дәулеткерей Рахметуллин, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасының орынбасары:Қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Кейбір дамыған мемлекеттер үлкен пресс-конференция өткізіп жатыр. Енді біздің күтетініміз, үлкен конференция болса. Онда біздер бүге-шүгесіне дейін, проблемаларды жеке-жеке жіктеуге дейін жетер едік. Осындай түсіністіктер болатын болса, біз әлі де тым тәуір жетістікке жетеміз.