Үш облыста ауыл шаруашылығы басқармасының ірі шенеуніктері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш облыста ауыл шаруашылығы басқармасының ірі шенеуніктері ұсталды

31.01.2022

Жемқорлық жасады деген күдікпен Ауыл шаруашылығы саласында істейтін үш жоғары лауазымды шенеунік ұсталды. Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің хабарлауынша Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян, Жамбыл облысындағы дәл осындай басқарма жетекшісінің орынбасары Ерлан Күлкеев, және Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Бақтыбай Ізімтаев ұсталды. Әзірге тергеу ісі жүріп жатқандықтан, өзге ақпараттар жарияланбайды.

Хабарламаларға жазылу