Украинада шекарадағы шиеленіс салдарынан гривна құнсызданып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада шекарадағы шиеленіс салдарынан гривна құнсызданып кетті

28.01.2022

Украина мен Ресей шекарасындағы шиеленіс кесірінен гривна құнсызданып кетті. Елдің құнды қағаздар нарығынан инвесторлар да кете бастады.

Әсіресе, әлеуметтік желіде Ресей қарулы күштерінің Украина шекарасы мен оған жақын маңдағы аудандарға қарай бет алғанын растайтын фотосуреттер, бейнежазбалар мен өзге де деректер тарап жатыр. Осы ретте АҚШ пен Ұлыбритания дипломаттарының бір бөлігін Украинадан эвакуациялау туралы шешімдерін жария етті. Президент Владимир Зеленский халықты сабырға шақырып, елдің шығысындағы жағдай бақылауда екендігін, тыныштықты сақтап қалу үшін жан-жақты жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Төрт елдің басшылары бір шешімге келу үшін әуелі кездесуіміз керек. Біз қазір сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Үміттен қол үзбейміз. Жақсы нәтиже күтеміз. Елге бейбітшілік, тыныштық керек. Еуропалық Одақ елдері өз дипломаттарын Украинада қалдырып отыр. Алайда бірқатар мемлекет елшілік қызметкерлерін алдырды. Бұл жағдайдың ушығып кеткендігін емес, күрделі дипломатиялық ойындардың тетіктері деп білу керек.


Хабарламаларға жазылу