Оңтүстік өңірлердің жарықтан ажыратылуына қатысты түсінік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік өңірлердің жарықтан ажыратылуына қатысты түсінік берілді

28.01.2022

Оңтүстік облыстардың жарықсыз қалуына цифрлық майнинг өндірісінің қатысы жоқ. «KEGOC» компаниясы осылай мәлім етті. Бірақ, сол дата-орталықтарға жоспарлы энергия тасымалын қысқартпақ. Бұл қуатты үзіліссіз тұтынуға мүмкіндік береді. Ал, апат Өзбекстанның Сырдария су электр станциясында болған. Қысқа тұйықталу салдарынан 6 энергия блогы сөніп, 1500 МВт жоғалды. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның ішінара тоқтан ажыратылуына соқтырды. Себебі, үш ел бірыңғай энергия жүйесіне кіреді.

Содан елдің «солтүстік-шығыс-оңтүстік» электр транзитіне шамадан артық жүк түскен. Бірақ, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан өңірлері тас қараңғыда қалмас үшін ортақ желіні оқшаулауға тура келіпті. Нәтижесінде аталған облыстарда 1500 МВт электр қуаты сақталды. Дегенмен тоқтан арагідік үзілгенімен, көп ұзамай қайта қосылды.

Бұл аралықта Өзбекстан мен Қырғызстанның электростанциялары мен тұтынушылары тұтас жарықсыз қалған. Апатты жою жұмыстары Қырғызстанда тәулікке созылса, Өзбекстанда одан көп уақыт кетті.


Хабарламаларға жазылу