Үкімет басшысы биылға жоспарланған бағдарламаларды пысықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы биылға жоспарланған бағдарламаларды пысықтады

28.01.2022

Сыртқы саясат ведомствосы Президенттің жаңа реформаларын шетелдерде ақпараттық тұрғыда сүйемелдейді. Сонымен бірге шетелдік инвестицияларды тартуда әкімшілік-құқықтық кедергілерді жоюға күш салады.

Үкімет басшысы биылға арналған бағдарламаларды әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Осы ретте Ішкі істер министрлігі де өз жоспарымен бөлісті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыруды атап өтті. Инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны да қалпына келтіру, модульдік бекеттер мен учаскелік полиция пункттерін салу көзделіп отыр. Ал, импортты алмастыру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын цифрландыру, өңдеу өнеркәсібін көтеріп, жол сапасын арттыру – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің міндеті.

Хабарламаларға жазылу