Жаза басып жан тапсырды. 10-шы қабаттан мата арқылы түспек болған елордалық жерге құлап кетті. Оқиға Құдайбердіұлы көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған. Полицейлер хабарланған мекен-жайға жеткенде 59 жастағы ер адамның тіл тартпай кеткені анықталған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізіліп жатыр.