Осы салаға 30 миллиардқа жуық теңге бағытталмақ. Былтыр өңірде 92 мың азамат тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. Жастар практикасының мерзімі ұзартылып, қаражат көлемі де артты. Былтыр осы жобамен жұмысқа орналасқандар 6 ай жұмыс істеп, 73 мың теңге жалақы алды. Енді биыл – 91 890 теңге алады, жұмыс істейтін уақыты 18 айға ұзартылды. Осылайша аймақта жастар практикасына 6000, алғашқы жұмыс орыны жобасына 400 орын бөлінді. Сондай-ақ, 12 миллиард теңге әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде қарастырылды.
Әсия Темірбаева. облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
45 000 отбасы немесе отбасы мүшелерін қосып айтатын болсақ, 237 500 адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланған. Оларға азық-түлік және гигиеналық тұрмыстық заттар көмек ретінде беріледі.
Айнұр Ақбаева