Елімізде цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді

27.01.2022

Цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Бұл Салық Кодексіндегі өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылады. Төлемақы сомасы электр энергиясының нақты көлеміне сай есептеліп, ставка электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде айқындалады. Төлемақы төлеушілер бюджетке тоқсан сайын яғни айдың жиырмасы күнінен кешіктірмей төлеуі тиіс. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсаны үшін 20 сәуірден кешіктірмей төлем жасауы қажет.  

Хабарламаларға жазылу