Сыртқы істер министрінің орынбасары болып Роман Василенко тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрінің орынбасары болып Роман Василенко тағайындалды

27.01.2022

Тағы да ауыс-түйіс. Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары болып Роман Василенко тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның Словакиядағы елшісі болған.  

Ал, Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болды.

Сенат спикерінің орынбасарылығына Ольга Перепечина сайланды. Жоғары палата төрағасы ұсынған кандидатураны депутаттар қолдап, дауыс берген.

Ал, еліміздің Бас санитар дәрігері болған Ерлан Қиясов қызметінен босатылды. Ол 2020 жылдан бері осы қызметпен қоса Денсаулық сақтау министрінің орынбасары да болған.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып Еркін Тұқымов тағайындалды.


Хабарламаларға жазылу