Елімізде жалға алынған баспана құнының тең жартысын мемлекет өтейді: Министрлік шарттарын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жалға алынған баспана құнының тең жартысын мемлекет өтейді: Министрлік шарттарын жариялады

27.01.2022
Елімізде жалға алынған баспана құнының тең жартысын мемлекет өтейді: Министрлік шарттарын жариялады

Тұрғын үй көмегі жалға алу құнының 50%-ын мемлекет, қалған 50%-ын жалға алушы төлейді қағидатына негізделеді. Бұл төлем табысы бір күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

«Бүгінгі таңда елімізде мұндай 70 мың азамат бар. Олар: көпбалалы отбасылар, I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде «Отбасы банкін» анықтау ұсынылды», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптар:

1) Қазақстан азаматы болу;

2) отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;

3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;

4) Тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.


Хабарламаларға жазылу