Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды

27.01.2022

Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болып Ольга Перепечина сайланды. Оның кандидатурасын Сенат төрағасы ұсынады. Ол соңғы 4 жылдан астам уақыт Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарған. Сенат регламентіне сәйкес, Палата төрағасының орынбасарын сайлау туралы қаулы ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Депутаттар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Жарлығымен Сенат төрағасының бұрынғы орынбасары Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалған.


Хабарламаларға жазылу