Оңтүстік өңірлерде электр қуатының сөнуіне байланысты арнайы комиссия құрылды. 2 күн бұрын Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында жарық өшіп қалған болатын. Көп ұзамай электр энергиясын қайта қосты. Енді апат неден болғаны тексерілмек.
«КЕGOC» компаниясының электр желілерінде технологиялық ақаудың туындауы анықталады. Яғни, жұмыс тобы алдағы уақытта сондай жағдайға жол бермеу және елдің бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын арттыру мәселелерін қарастырады.