Байден Путиннің жеке басына санкция жариялануы мүмкін екенін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Путиннің жеке басына санкция жариялануы мүмкін екенін мәлімдеді

26.01.2022

Мәскеу мен Вашингтон арасында дипломатиялық келіссөздер тоқтап, сөз сайысы күшейді. «Нью-Йорк Таймс»  газеті осылай деп жазып жатыр. АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кірсе, Владимир Путиннің жеке басына санкция жарияланатынын мәлімдеді.

Ал Кремльдің мәлімдеуінше, Путин санкциялардан зардап шекпейді. Дегенмен мұндай шара саяси тұрғыда деструктивті болатынын ескертті.

Қазір Ресей мен Батыс елдері әскери белсенділікті күшейткен. Ресей Украина шекарасына жақын маңда әскери жаттығу бастап кетті. Сонымен бірге теңізде маневрлар жүргізу үшін соғыс кемелерін шығарды. НАТО да Жерорта теңізінде ірі жаттығу өткізіп жатыр. Бұған қоса, АҚШ пен оның одақтастары Украинаға қару-жарақ жеткізді.

Айта кетсек, Батыс елдері Ресей Украинаға кез-келген уақытта басып кіруі мүмкін деп қауіптенеді. Мәскеу мұндай жоспары жоқ екенін үнемі қайталап келеді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу