Англия мектептерінде ковид өршіп тұр. Өткен аптаның өзінде миллионға жуық бала , яғни әрбір сегізінші оқушы сабаққа бармаған.
Індет жұқтырғандар өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда үш есеге көп дейді мамандар. Сондай-ақ кадр жетіспеушілігі де байқалады. Мектеп мұғалімдері мен басшыларының 9 пайызы коронавирусқа шалдыққан. Бірақ билік соған қарамастан елде карантиндік шектеулерді жеңілдетті. Мәселен, оқу орындарында маска тағу қазір міндетті емес.
Надхим Захави, Ұлыбритания білім министрі:
Тестілеуге және әлбетте ауаны желдетуге баса мән беріп жатырмыз. Өткен жылы мектеп қызметкерлерінің 8 пайызы жұмысқа шыға алмады. Егер биыл жағдай күрделенсе, сыныптарды біріктіріп, оқушыларды үлкен аудиторияда оқытатын боламыз. Ең бастысы оқу орындарын жаппауымыз керек.
Марина Бекенова