Депутаттар функцияларды мемлекеттік операторға берудің рәсімдері аяқталғанша, утиль жинауға мораторий жариялауды сұрады. Әрі бұған қатысты құрылған жұмыс тобының талқылауларын сынға алды. Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша утиль жинақтаудың шамадан тыс бағаланған әрі оператордың қызметі ашық емес. Соңғы бес жылда тұрғындар жеке операторға сатып алынатын техниканың мақсаты мен үлгісіне қарай, 400 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін төлеген. Мұндай заңды «бопсалаудың» нәтижесі елімізде көліктердің қымбаттауына әкелген.
Сондай-ақ бұған дейін 300 млрд-тай теңге автокөлік өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді ынталандыруға берілген. 30 млрд-тай теңгені ескі көліктерді тапсырған халыққа төлеген. Ал, 29 млрд-қа жуық теңге ескі техникаларды жинақтауға және утилизациялауға жіберілген. Бірақ, 181 млрд қаржының қайда кеткені белгісіз.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Неге халықтан алынған утиль жинақ есебінен көлік өндірісін дамытамыз? Бизнестің өзі инвестиция салмай ма? Утиль жинау тек ескі техникаларды заласыздандыру үшін пайдалану керек емес пе? Қазір утиль жинауға байланысты жұмыс тобы құрылып, талқылау жүріп жатыр. Бірақ, әр түрлі тараптардың паритеті сақталмаған. Министрліктер осы процеске көлік өндірушілердің лоббистерін көбірек тартуда.