Алматыда әуежайдағы дүкенді тонаған ерлі-зайыпты ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әуежайдағы дүкенді тонаған ерлі-зайыпты ұсталды

26.01.2022

Алматыда тәртіпсіздік кезінде әуежайдағы дүкендерді тонаған екі адам ұсталды. Отбасылық жұптың үйінен 1,5 миллион теңгенің заты табылды.  Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 35 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалса, оның жұбайы кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты «ешқайда кетпеу туралы қолхатпен» босатылды.

5 қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматы халықаралық әуежайын бүлікшілер басып алған. Әуе айлағының ғимаратында орналасқан дүкендер тоналып, 17 миллион теңгенің тауары қолды болды.


Хабарламаларға жазылу