Депутаттар мүгедектер үшін зейнет жасын төмендетуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар мүгедектер үшін зейнет жасын төмендетуді ұсынды

26.01.2022

Мүгедектер үшін зейнет жасын төмендету әлеуметтік кодекске енуі керек.

Бұған қоса оларға тағайындалған жәрдемақыны зейнет жасына жеткенде тоқтату әділетсіздік. Себебі, олардың физикалық тұрғыда онсызда мүмкіндігі шектеулі. Солай бола тұра үкімет зейнетке шығарда табан асты теңдікті ойлай қалады. Депутаттар Премьер-Министрге осындай сын айтып, сауал жолдады. Жәрдемақымен қатар зейнетақы да қатар сақталғаны дұрыс деп санайды. Бұл бюджетке салмақ дейтіндерге де жауап берді. Былтыр қаржылық заң бұзушылық көлемі 390 млрд теңгеге жуықтады. Ал, қазына ақшасы мен мемлекеттік активтердің тиімсіз жұмсалуынан триллион теңге құмға сіңген. Яғни, қаржыны санай білгендер сапалы игере де алса әлеуметтік төлем бәріне де жетеді.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Қазақстанда жұмыс істейтін зейнет жасындағы мүгедектердің саны 3 мың адамнан аз. Жұмыс істейтін 50 мың мүгедектің орташа жасы 45 пен зейнет жасы аралығын құрады. Яғни олардың саны көп емес. Бұл жерде зейнетке белгіленген мерзімнен бұрын шығатын азаматтар сөз болып тұр. Осындай жүктемені көтере алмайтындай Қазақстанның бюджеті соншалықты әлсіз емес.


Хабарламаларға жазылу