Бизнес қауымдастықтар жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес қауымдастықтар жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылады

26.01.2022

Жұмыстарын адал атқаратын кәсіпкерлік нысандары мемлекет тарапынан ынталандырылуы тиіс. Бұл әдіс кәсіпкерлерді жемқорлыққа бармауға ықпал етеді. Әрі бармақ басты басшыларды әшкерелуге жол ашады. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылаған жиында айтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған құжатта жемқорлық деректерін табыс көрсеткіштері мен шығын көлеміне сай анықтауға басымдық берілген. Сондай-ақ, бизнес нысандарын рейдерлік шабуылдардан қорғау мен мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттерін түрлі әдістермен анықтау жіті бақылауда болады.

Хабарламаларға жазылу