Қаруды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаруды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

26.01.2022

Заңсыз сақталған қару, оқ-дәрі және жарылғаш заттарды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Қаңтар оқиғалары кезінде 7 аңшылық дүкеніне шабуыл жасалып, барлығы 1 564 дана азаматтық қару ұрланған. Терроризмге қарсы операция барысында қолды болған қарудың 515-і табылды. Оларды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталған. Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау фактісі бойынша 127 қылмыстық іс қозғалған. Қазір ұрланған қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Елдос Қилымжанов, Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары:

Бас прокуратура қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтап, өз еркілерімен тапсырған тұлғаларға қылмыстық жауаптан босату кепілін береді. Егер олардың әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаған жағдайда. Адам қарумен жүріп, құқық қорғау органдарымен ұсталса, ондай жағдай өз еркімен қаруды тапсыру деп танылмайды.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу