Вице-министр мен «ӨКМ операторы» басшысы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-министр мен «ӨКМ операторы» басшысы қамауға алынды

26.01.2022

Утильалыммен айналысқан лауазымды тұлғалар қамауға алынды. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» басшысы Медет Құмарғалиев елордадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген.

Кей мәліметтерге сенсек, екеуі де елден қашпақ болған. Пірімқұлов вице-министр қызметін 2019 жылдың шілдесінен бастап атқарды. Құмарғалиев та сол жылы компания басшысы болып тағайындалған еді.


Хабарламаларға жазылу