Алматыда арнайы құрылған мониторингтік топ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын негізсіз көтерген 61 дүкенді анықтады. Тиісінше әкімдік бағаны тұрақтандыру бойынша шараларды қолға алды.
Қазір қаладағы бірнеше ірі супермаркетте сиыр етіне шекті баға бекітіліп, ол 2050 теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ шаһардағы базарларда да арнайы сөрелер ашылып, ет төмен бағамен саудаланып жатыр. Бұл орташа құнынан 13,5%-ға төмен дейді мамандар. Алдағы уақытта ірі және ұсақ мал етін шекті бағамен саудалайтын 10 әлеуметтік дүкен ашылады.
Ерлан Омаров, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:
Біздің әлеуметтік орындарда орналасқан кәсіпкерлерге етті 2050 теңгеден саудалауы үшін біраз жағдай жасалынып отыр. Мысалы базарлардан орын тегін беріледі және пайызсыз кредиттер беріледі.
Нұрсұлтан Тілектесов