Еліміздің батыс өңірі: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын 2025 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытуға 15,3 трлн теңге жұмсалмақ. Оның 1,7 трлн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. Соның ішінде Ақтөбе облысын дамытуға арналған кешенді жоспар 92 іс-шарадан тұрады. Ендігі міндет бұл қаржыны сауатты әрі мақсатты жұмсау, дейді қоғам қайраткерлері.
Ғалым Мүсіров, экономика ғылымдарының кандидаты:
Ақтөбеде цемент зауытын салу қарастырылған екен. Бұл өте қажет. Өйткені, Ақтөбе - болашақ мегаполис. Өнеркәсіп дамымай экономика көтерілмейді.
Ахат Мырзалин, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
2022-2024 жылдары 37 пайыз өседі деп жатыр. Қазірдің өзінде көптеген нәрсе салынып жатыр. Жастарға жағдай, спорт кешендері, мектеп, мектепке жол, тағы сол сияқты.