АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы жанындағы миссиясы 2022 жылғы 20 қаңтарда Венада өткен ұйымның тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстандағы жағдай туралы талқылаған мәлімдемесін жариялады.
Қаңтар оқиғасында адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан халқына көңіл айта отырып, АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі, елші Майкл Карпентер Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне қолдау көрсететінін атап өтті.
«Біз Қазақстан халқы мен оның конституциялық құрылымның тұрақтылығына, сондай-ақ олардың осы дағдарыстан шыға алатынына сенеміз», - деді америкалық дипломат.
Сондай-ақ елші АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Э.Блинкеннің Вашингтонның Қазақстанмен әріптестіктен айнымайтынын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформаларды қолдауға дайын деген сөзін жеткізді.
Майкл Карпентер Қазақстан билігін тергеудің ашықтығын және қажетті заңды рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бейбіт наразылық білдіргендер мен зорлық-зомбылық пен тонауға қатысушыларды ажырата отырып, ұсталғандардың барлық санаты үшін тиісті құқықтық процедураларды қамтамасыз етуге шақырды.