Грекияда қалың қар жауып, көлік қатынасы шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда қалың қар жауып, көлік қатынасы шектелді

25.01.2022

Грекияны қалың қар басты. «Эльпис» бораны соғып, Афины қаласы мен бірнеше арал қар құрсауында қалған. Таулы аймақтар сыртқы әлеммен байланысты үзді. Жолдарда көлік апаты жиілеп, кептеліс түзілген. Билік Афины - Ламия автомагистралінде көлік қозғалысын шектеді. Арнайы техника көшелерді қардан тазартып үлгермей жатыр. Жергілікті тұрғындар қардың осынша көп жаууы тек ондаған жыл бұрын болғанын айтады.  

Айта кетсек, Еуропаның бірқатар бөлігінде қар жауып, боран соғып тұр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу