Германияда коронавирусқа қарсы шаралар мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда коронавирусқа қарсы шаралар мерзімі ұзартылды

25.01.2022

Германияда «омикрон» штамы өршіп, пандемияға қарсы бұған дейін қабылданған шаралар ұзартылды. Оның аясында 1 жерде 10-нан көп адамның жиналуына тыйым салынған. Ал мейрамхана, дәмхана және тағы басқа қоғамдық орындарға кірерде вакцина куәлігін немесе теріс нәтижелі ПТР тестін көрсету қажет. Биліктің мәлімдеуінше, әзірге карантин шараларын жеңілдетуге уақыт келген жоқ.

Сонымен бірге үкімет пандемиядан зардап шеккендер мен жекелеген кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсетуді ары қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу