Таразда жедел жәрдем жүргізушісі есірткімен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жедел жәрдем жүргізушісі есірткімен ұсталды

25.01.2022

Ол ірі көлемдегі гашишті Нұр-Сұлтан қаласына жеткізбек болған.   

Транспорттық полиция қызметкерлері, Тараз қаласы темір жол бекетінде жолаушылардың құжаттарын тексеру кезінде 42 жастағы азаматтан 1 келі 400 гр есірткіні тапты. Күдіктінің елордада тұратындығы, онда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтіндігі анықталды. Ол есірткіні былтыр жазда жеке мақсатқа пайдалану үшін өз қолымен жинағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу