Түркістан облысында «Қапланбек» кеден бекетінің 5 қызметкері сотталды. Олар Өзбекстанға контрабандалық жолмен заңсыз темекі өнімдерін өткізбек болған. Құны 59 млн теңгеден асатын қорқорды 5 газельге артып, Өзбекстанға жөнелуге қолғабыс етпек болғаны анықталған. Яғни қылмыскермен келісіп, жүк көлігі бос деп құжат толтырған. Жедел тексеру барысында аталған көліктен 4 000 келіден астам темекі бұйымдары тәркіленеді.
Айнұр Ақбаева