Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылуы мүмкін

24.01.2022

Елімізде жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қайта іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мәлімдеді. Айтуынша машинаға 4 пайызбен несие беру былтыр тоқтатылған. Енді оператор РОП мекемесінің активі «Жасыл дамуға» өткен соң, утилизациялық алымнан түскен қаржығы бағдарламаны қайта іске қосу көзделіп отыр. Тіпті алғашқы жарнасыз қарыз беру мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ Қазақстанда құрастырылған көліктерді жеңілдікпен сатып алу үшін ваучерлер берілмек. 

Хабарламаларға жазылу