Алматыда тәртіпсіздік кезінде бүлінген 11 тұрғын үй жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тәртіпсіздік кезінде бүлінген 11 тұрғын үй жөнделеді

24.01.2022

 Алматыда бүлінген 11 тұрғын үй қайта жөнделеді. Оқ тиген 51 пәтердің терезесі ауыстырылады.

Жалпы, шаһарда 291 нысан зақымданған. Оның 62-сі – әкімшілік ғимараттар. Әзірге ірі 10 нысанды қалпына келтіру бойынша алдын ала шығын есептелді. Бұл мақсатқа 29 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. 28 ғимаратты бизнес иелері жөндеп беретін болды. Олардың қатарында денсаулық сақтау, аудандық полиция ғимараттары мен бекеттері бар. Ал өртке орағна ұлттық арна филиалының ғимараты мен қалалық әкімдіктің күрделі жөндеу жұмыстары 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Мұхит Әзірбаев, қала әкімінің орынбасары:
Жұмыс комиссиясы 281 бизнес нысанды жөндеу қажеттігін анықтады, оның 8-і күрделі жөндеуді талап етеді. Қазір техникалық тексеру, мемлекеттік сараптама жұмыстары басталды. Алматыда 97 кәсіпкер өз қаражаты есебінен ғимаратын қайта қалпына келтірді. 13 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу