Алматыда тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ ұрлаған төрт жігіт ұсталды. Үйді тінту кезінде полицейлер мылтық пен түрлі жарылғыш заттарды тапқан.
Полицейлердің айтуынша ұсталғандар қару-жарақты «Шаңырақ» ықшам ауданындағы жеке үйдің еденінің астына жасырған. Мәліметтерге қарағанда қолға түскен төртеу, жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенін тонаған. Олардан мылтықтың түр-түрі, тіпті РГД мен РПГ снаряды, Ф-1 гранатасы тәркіленді. Әрі патрондар, оқ өткізбейтін киім мен дулығалар табылды. Қазір күдіктілер уақытша қамау абақтысына жабылған.
Досжан Маратұлы