«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50%-ға қысқартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50%-ға қысқартылады

24.01.2022

«Самұрық-Қазына» ұжымының тең жартысы қысқартылады. Қор қызметкерлерінің саны 248-ден 124-ке азаяды. Ал, басқарушы лауазымдар саны 10-нан 5-ке дейін, құрылымдық бөлімдер болса 27-ден 18-ге дейін кемітілмек. «Кеңесші» қызметтері атымен жойылып, қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ қорға қарасты бірқатар компания басшыларының уәкілеттіктері де мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына Инвест» серіктестігі басшысы Аслан Сұлтанов, «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаев, «Самұрық-Қазына Контракттың» бас директоры Алмас Ақылов және «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» серіктестігінің бас директоры Серікбек Елшібековпен еңбек қатынастарын тоқтату келісілді. Ал, Президент сынға алған қордың мемлекеттік сатып алуларына қатысты жаңа ережелер ұсынылып отыр. Енді ол Қаржы министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Атамекен» ұлттық палатасында қаралады.

Хабарламаларға жазылу