Ішкі істер министрлігі: Ұсталғандар міндетті медициналық тексеруден өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі: Ұсталғандар міндетті медициналық тексеруден өтеді

24.01.2022

Күдіктілер міндетті медициналық тексеруден өтеді. Оларды уақытша ұстау изоляторына шығарғанға дейін дене жарақаты болмауы қатаң қадғаланады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті. Жаппай тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 731 адам жеткізілді. Солардың 20-сы сот және Прокуратура шешімімен үйқамаққа немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстырылды. Төтенше жағдай режимінің күші жойылуына байланысты барлық өңірде «құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Азаматтар тәртіпсіздіктің бейнежазбаларын, фотосуреттерін және аудиожазбаларын анонимді орналастыруы үшін «102» мобильдік қосымшасында қабылдау функциясы ашылды. Ал, 1 аптада ел аумағында 2 400-ден аса қылмыс жасалды. Соның 1 640-ы тәулік ішінде ашылды. Полицейлер із суытпай 12 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 27 тонау және 433 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты. 

Хабарламаларға жазылу