Арзан ипотека үшін арзан несие!
Мөлшерлеме – небәрі 0,01 пайыз. Ал қайтару мерзімі – 25 жыл. Банк бұл қаржыға 2 пайыздық ипотека рәсімдейді. Оған «Бақытты отбасы» бағдарламасының талаптарына сай келетін, яғни үй кезегінде тұрғандар, көпбалалы толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі баласы бар жанұя қатыса алады.