Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

24.01.2022

Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен мегаполистің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтылды.  

Әкімдіктің хабарлауынша, мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ өкілдерін қосқанда 603 адам өтемақы алады. Оның ішінде: 592 құқық қорғау органдарының, Төтенше жағдайлар департаментінің 1 адамы, жергілікті атқарушы органдардың 3, «Алматы» телеарнасының 1 және медициналық ұйымдардың 6 қызметкері бар. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде қызмет еткен Полиция департаментінің 3 878 адамына, 1 207 төтеншеліктерге, Қоғамдық денсаулық басқармасының 3 888 маманына және Құтқару қызметінің 93 қызметкеріне 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілмек. Бұл сомалар бүгіннен бастап төлене бастады.

Еске салайық, қала әкімдігі тәртіпсіздік кезінде қызмет еткен және зардап шеккен қызметкерлерге 2 млн мен 500 000 теңге аралығында өтемақы төленетінін айтқан болатын. 

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу