Сегіз өңірде 270 нысан бүлінген: 45 әкімшілік, 225 коммерциялық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сегіз өңірде 270 нысан бүлінген: 45 әкімшілік, 225 коммерциялық

23.01.2022

Өңірлерде бүлінген ғимараттар туралы мәлімет өзгеріп, өсіп, осы аптада «Сегіз өңірде 270 нысан бүлінген: 45 әкімшілік, 225 коммерциялық» деген ақпар берілді. Мысалы, Қызылордада қатты зала келген нысан – сот ғимараты.

Ғимараттың өртенбеген бұрышы жоқ. Терезелері сынып, іші даладай азынап тұр. Сау-тамтығы қалмаған ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстары басталыпты. Жалпы, дүрбелеңде қаладағы 9 стратегиялық нысанға шабуыл жасалған.

Мамандардың есебі бойынша тек нысандардың ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстарына бір миллиард 200 миллион теңге қажет. Алайда қомақты қаражатты өтеу мәселесі бірден шешілмейтіні анық. Қазір тиісті құжаттары әзірленіп Үкіметке жолданды.

Шымкентте сынған, қираған, өртенген ғимараттардың арасында драма театр, Түркістан сарайы мен көрме орталығы секілді мәдениет ошақтары бар.

Жалпы шығын көлемі Шымкентте 7 млрд-тан, Алматы облысында 16 млрд-тан асады, ал Жамбыл облысында 7,6 млрд теңге деген мәлімет жіберді меншікті тілшілеріміз.


Хабарламаларға жазылу