Әлеуметтанушы Есет Есенғараев наразылық білдіріп көшеге шығудың 2 себебін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтанушы Есет Есенғараев наразылық білдіріп көшеге шығудың 2 себебін атады

23.01.2022

Ауыл демекші, мұғалім, фельдшер, зейнеткер, әкімдік қызметкерінен басқасының күні күн емес ғой.

Ақылбек Күрішбаев осыдан бір жыл бұрын Сенатта ауылдарды дамыту бойынша парламенттік тыңдау өткізіліп, оның қортындысына сәйкес Үкіметке нақты ұсыныстар берілгене еске алды. Бірақ бұл ұсыныстардың негізгі тармақтарының ешқайсысы орындалған жоқ.

2019-2020 жылдары ауылдан қалаға 880 мың адам қоныс аударған. Урбанизация иә, табиғи процесс. Бірақ басқарылмаса, ылғи айтып жүргеніміздей, өте қауіпті. Бейнелеп айтқанда, «қалалардың жүрегі жоқ, ешкімнің көз жасына сенбейді». Сонымен бірге қалаларға ағылған ауыл адамдарының ғана емес, қалада туып-өскендердің, тұрғандарына ондаған жылдан асқандардың да бейнелеп айтқанда, «шекесі шылқып» жүрген жоқ. «Қаңтар трагедиясына» орай әлеуметтанушы Есет Есенғараев информбюро.кз порталына берген сұхбатында былай депті: «Наразылық білдіріп көшеге шығудың екі себебі бар. Біріншісі: адамдардың әл-ауқатының нашарлаған үстіне нашарлай беруі. Ешқандай үміт болмауы. Бұл абсолютті депривация. Депривация дегеніміз қысқаша қайырсақ, адамның басты қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы. Екінші себебі бірінші себеппен қабысады – басқаға қарағанда тәуірлеу тіршілік қылса да, санаулы адамдардың материалдық игіліктерге әділетсіз қол жеткізіп жатқанына налиды.



Хабарламаларға жазылу